Облыста 34 мың орынды 86 мектеп құрылысын жүргізу бесжылдық жоспарға енгізілді
Образование   19.01.2021   3112
Алматы облысы білім беру саласында үш ауысымды және бейімделген мектептердің меселесін шешудің нақты жоспары белгіленді. Алдағы бес жылда 34 мың орынды 86 мектеп құрылысы жүргізілмек. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың жаңа құрамымен өткен 1-ші сессия барысында белгілі болды. Осы және өзге де белгіленген әлеуметтік жобалар жайында облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтып берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Общество   19.01.2021   551
Алматы облысында 2021-2025 жылдары облыста шамамен 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, соның 1,1 млн. шаршы метрі «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында іске асырылады. Баспанамен үш мыңнан астам әлеуметтік осал және 5500-ден астам көп балалы отбасы қамтамасыз етілмек. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихаттың VII шақырылымының I-ші сессиясында облыстың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын депутаттарға таныстырған облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жеткізу межеленіп отыр
Экономика   19.01.2021   3362
Алматы облысында экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ке қамтамасыз ету шаралары көзделіп отыр. Сөйтіп жалпы өңірлік өнімді 2025 жылға қарай 5 трлн. теңгеге жетпек. Облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары бүгін 1-ші сессияда осы және өзге де мақсат-міндеттер белгіленген өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бірауыздан қолдады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.